Қызылордада мұғалім әріптесін пышақтап өлтіргені белгілі болды

0
352

Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан.


Қызылордада мұғалім әріптесін пышақтап өлтіргені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында мұғалім әріптесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір күдікті адам қамауға алынған, деп жазады inform.kz.

Оқиға 1 маусымнан 2-не қараған түні болған. Екі адам арасындағы жанжал туындаған. Жанжал барысында бір адам пышақ жарақатынан қайтыс болған.

Әлеуметтік желіде мұғалім әріптесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінгені жөнінде айтылды.

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.

«Қызылорда қаласында тіркелген оқиғаға қатысты екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган тергеуде», - деп атап өтті басқармадан.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл бойынша сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті департаменттен.