Жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ERNUR.KZ. Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашқан, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 23 қыркүйекте болған.
"Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі", - дейді ведомство.
Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орнының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.