Балалардың бірі 10-да, ал екіншісі 7 жаста.
ERNUR.KZ. Қызылордалық полицейлер ұрлықпен айналысқан екі кәмелетке толмағанды ұстады, деп жазады Polisia.kz.
10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталығының кәсіпкерлерінен күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықтады.
Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.