Қызылордадағы той кезінде ер адам автоматпен әуеге оқ атқан

0
551

27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында белгісіз адам қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқан бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.


Қызылордадағы той кезінде ер адам автоматпен әуеге оқ атқан

Ауаға оқ атқан қызылордалыққа қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz сілтеме жасап.

27 тамызда Қызылорда қаласының аумағында белгісіз адам қарумен ауаға бірнеше мәрте оқ атқан бейнежазбасы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Тексеру барысында анықталғандай, оқиға қаланың шет аумағында "келін түсіру" шарасы кезінде болған. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл дерек бойынша Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігінде ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 293 бабында ("Бұзақылық") қаралған қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгісі болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сонымен қатар жол ережесін бұзған төрт автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (екі хаттама), 630-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 612-бабының 1-бөлігі бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қамалды.