Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

0
1 177

Азық-түлік және басқа да қажетті заттар толтырылған автокөліктер Арыс қаласына жолға шықты.


Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

ERNUR.KZ. Қызылордалықтар Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді, - деп жазады Тengrinews.kz.

Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөліміндегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысынан 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық және 1,5 тонна сүт түрінде өз көмегін жіберді. Аталмыш күрішпен облыстағы "Абзал и К" ЖК, "Ақтөбе и К" ЖШС, "Абай Дәулет" ЖШС, "Жан Арай" ЖШС, "Ақжарма 2" ШҚ, "Жаңажол" ЖШС, "Ақжарма и К" ФҚ, "Ақмая" ШҚ, "Төңкеріс К" ШҚ, "Сыр маржаны" және "Түгіскен ТШ" ЖШС ауылшаруышылық тауар өндірушілері қамтамасыз етті.

"Бұл-қызылордалықтардың Арыстағы ағайындары үшін бір түн ішінде жинаған гуманитарлық көмегі. Бірақ жұмыс әлі жалғасуда, облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылды, ол зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында Арыс тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Алдағы күндері тағы да осындай көмек түрлерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұл зардап шеккендерді қолдау үшін жиналған қазақ халқының бірлігінің дәлелі", - деді "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың 2000-нан астам мемлекеттік қызметшісі жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудармақ.

Осы оқиғаға байланысты тоқтатылған 5 пойыздың 1200 жолаушысына жәрдем берілді. Оларға ыстық тамақ пен сусындар жеткізіліп, 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жолаушыларды жеткізу пункттеріне тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылды.