"Қызымның аяғы жұлынды": БҚО-да жол апатын жасаған полицей қамауға алынды

0
540

Сот Батыс Қазақстан облысында мас күйде жол-көлік оқиғасын жасаған полиция қызметкерін қамауға алуға санкция берді.


ERNUR.KZ. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сот санкциясы бойынша, күдікті екі айға қамауға алынды. Ол оқиға болған күннен бастап қамауда. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған екінші көлік иесі полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

"Оқиға салдарынан анам қайтыс болды. Жеті айлық қызының аяғы жұлынды. Ауруханада жатырмыз. Жол апатынан әйелім де зардап шекті. Менің отбасым кінәліге ең ауыр жаза тағайындалуын талап етеді" – деді Төрехан Бекжанов.

Айта кетейік, 1 желтоқсанда кешке Орал-Тасқала тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан болатын. Hyundai Accent көлігі тізгінінде БҚО Теректі ауданына қарасты Полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. Жүргізуші мас болған. Полицей дереу қамауға алынды.