​Күзетші 2,5 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын қоқысқа тастап жіберген

0
3 544

ASSYLY зергерлік дүкеннің күзетшісі қателесіп жалпы салмағы 5 келі болатын күмістен жасалған авторлық әшекейді қоқысқа тастап жіберген.


​Күзетші 2,5 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын қоқысқа тастап жіберген

Астанада ASSYLY зергерлік дүкеннің күзетшісі қателесіп жалпы салмағы 5 келі болатын күмістен жасалған авторлық әшекейді қоқысқа тастап жіберген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ elorda.info сайтына сілтеме жасап.

8 сәуірде ASSYLY дүкенінің күзетшісі салмағы 5 келі болатын зергерлік бұйымдарды қоқысқа тастады. Бұл туралы ол Инстаграм желісіндегі топтардың біріне жазды.

«Біздің дүкеннің 8 қалада бөлімшесі бар. Алматыдан қазақы ою-өрнегі бар білезіктер жіберген болатын. Оны Ақтаудағы бөлімшеміз - «Қазақ әшекейлері» дүкеніне жіберуіміз керек болатын. Дүкенде қоқыс салынған жәшік тұрған. Мен оған екі күн бойы қоқыс салдым. Мен шығып кеткенде ағам ішіндегі қоқысты алып тастап, онын орнына зергерлік бұйымдары бар пакет салып қойған екен. Мен оны білместен қоқыс контейнеріне апарып салдым. Ағам келіп «күміс білезік салынған қорапша қайда?» деп сұрады. Өзімнің қателесіп қоқыстың орнына білезіктерді лақтырып жібергенімді сол кезде барып бірақ білдім. Жүгіріп қоқыс контейнеріне барсақ тазалықпен айналысатып коммуналдық ұйымның көлігі келіп тұр екен. Бірақ тұрмыстық қалдықты артып үлгермепті. Қоқысты қопарғанда өзім шығарған жәшікті таптым. Алайды ішіндегі зергерлік бұйымдар салынған пакеттер жоқ. Біздің ойымызша оны тұрғылықты жері жоқ адамдар, яғни бомждар алып кетті», - ASSYLY дүкенінің күзетшісі Жандос Әмірханов.

Қоқыстың орнына зергерлік бұйымдарды лақтырып жібергенін күзетші бір сағаттан соң бірақ білген. Оның айтуынша, білместікпен келтірілген залалдың көлемі 2,5 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні дүкеннің басышылығы полицияға арыз жазды. Айналадағы бейнебақылау камераларын қарап шыққын. Ол жерде камера аз емес, бірақ қоқыстың маңайын бірде-бір камера түсірмейді екен.

Жас жігіт зергерлік бұйымдардың табылатынына үміттеніп отыр.