​АҚШ-тың Рас Иса портына жасаған әуе шабуылынан 13 адам қаза тапты

0
153

Осыған дейін АҚШ әскері хуситтерге жанармай жеткізуді тоқтату үшін соққы бергенін жазған болатын.


​АҚШ-тың Рас Иса портына жасаған әуе шабуылынан 13 адам қаза тапты

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Йемендік хусит көтерілісшілерінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Қызыл теңіздегі «Рас Иса» портына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.

- Америка агрессиясы салдарынан порттағы 13 жұмысшы қаза тауып, тағы 30-ы жарақат алды, - деп келтірді AFP хуситтердің баспасөз хатшысы Анис Аласбахидің әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасын.

Осыған дейін АҚШ әскері хуситтерге жанармай жеткізуді тоқтату үшін соққы бергенін жазған болатын.
- Америка күштері мұндай әрекеттерге Иран қолдайтын террорист-хуситтерге жанармай жеткізуді тоқтату және олардың заңсыз кірістерін жою үшін барған. Өйткені бұл кіріс көзі кейінгі 10 жылдағы хуситтердің бүкіл әлем бойынша террористік әрекеттерін қаржыландырып келді, - делінген АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәлімдемесінде.
АҚШ әскерилерінің мәліметінше, Вашингтон осы жылдың басында көтерілісшілерді шетелдік лаңкестік ұйым деп жариялағанына қарамастан, кемелер порт арқылы отын жеткізуді жалғастырды.