Кеше Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Текелідегі лай көшкінінде жоғалған бес жастағы баланың мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.
«Бес жасар қыздың мәйіті табылды. Шапағатшы болсын!», - деп жазды ол.Бұл ақппаратты Алматы облысы төтенше жағдай департаменті де растады.
«15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды»- делінген хабарламада.Айта кетсек, кеше түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр , көлемі 4375 текше метр.
Көшкіннен жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласын ішінара лай көшкіні шайып кетті.
Сонымен қатар лай көшкенінің болу себебі алдын ала айтылды.