Лавров Путиннің сапарына дайындық үшін 6 қарашада Қазақстанға келеді

0
258

Бұл туралы брифингте Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.


Лавров Путиннің сапарына дайындық үшін 6 қарашада Қазақстанға келеді

Фото: Риа Новости

ERNUR.KZ. 6-7 қарашада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz.

Дипломат атап өткендей, Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарын дайындау мәселесіне басты назар аудару жоспарлануда. Сонымен қатар, ресейлік-қазақстандық стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында күн тәртібін және өзара қызығушылық тудыратын өзекті халықаралық мәселелерді қарастыру көзделген, деді Захарова.

"Әрине, ортақ интеграциялық алаңдарда, бірінші кезекте ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ сияқты өзара іс-қимыл туралы пікір алмасу болады", – деп қосты ол.

Захарова РФ СІМ басшысы мен Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің кездесуі жоспарланғанын айтты.