Ләззат Ибрагимова: «Баспана бағасының өсу қарқыны төмендейді»

0
503

​Жылжымайтын мүлік барлық елдерде қымбаттады.


Ләззат Ибрагимова: «Баспана бағасының өсу қарқыны төмендейді»

ERNUR.KZ. Келер жылы елімізде баспана бағасы тұрақталады. Мұндай мәлімдемені «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ләззат Ибрагимова 2022 жылы бағаның өсу қарқыны төмендейтініне сенімді. Оның айтуынша, баспананың құны 10 пайызға және одан артық пайыздық көрсеткішке өспейді.

«Жылжымайтын мүлік барлық елдерде қымбаттады. Тіпті дамыған АҚШ пен Канада мемлекеттерінде де баға өсті. Бұл соңғы 40 жыл ішіндегі рекордтық өсім. Менің ойымша бұл процесс 2022 жылдың екінші жартысында аяқталады. Бірақ барлығы инфляциялық процесстерге байланысты. Яғни әлемдік экономиканың, пандемияның қалай өрбитіндігіне байланысты болмақ. Келер жылы инфляция да, базалық мөлшерлеме де жоғары болады», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы.