Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды

0
677

Лингвистикадан IOL-2022 халықаралық олимпиадасы Мэн аралында (Ұлыбритания) 25-31 шілде аралығында өтті.


Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар Мэн аралында өткен жарыстан 2 қола медальмен оралды. Осылайша жас лингвистер былтырғы көрсеткішті жақсартты. Өткен жылы оқушыларымыз 1 қола медаль жеңіп алған еді, деп жазады Zakon.kz.

Лингвистикадан IOL-2022 халықаралық олимпиадасы Мэн аралында (Ұлыбритания) 25-31 шілде аралығында өтті. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқанын хабарлаған еді. Қазақстанның намысын Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларынан 4 оқушы қорғады. Олардың барлығы –республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері.

Биыл оқушыларымыз рекордын жаңартып, үздік нәтижесімен қуантып жатыр. Лингвистикадан өткен олимпиадада Қазақстан алғаш рет бірден 2 медаль жеңіп алды. Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина – еліміздің мақтаныштары, басқа балаларға жарқын үлгі. Енді оқушыларымыздың жоғары жетістіктері де лайық бағаланады. Себебі президенттің қолдауының арқасында алғаш рет қомақты ақшалай сыйақы беріледі, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,5 млн теңге), күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (3,1 млн теңге), қола медаль үшін – 500 АЕК (1,5 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады.

Тәлімгеріме, мектебімізге, ұстаздарыма, достарыма, ата-анама және Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығына алғысымды білдіргім келеді. Себебі олардың қолдауынсыз бұл олимпиадаға қатысу мүмкін емес еді, – деді қола жүлдегер Дарья Пересыпкина.

Дарья осы олимпиададағы екінші медалін иеленгенін айта кетейік. Ол өзінің алғашқы қола жүлдесін 2021 жылы жеңіп алды.