LRT құрылысы: Астанада Министрліктер үйі аумағында көлік қозғалысы бір айға шектеледі

0
1 001

LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесі бойында Министрліктер үйі мен "Қазақстан" ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.


LRT құрылысы: Астанада Министрліктер үйі аумағында көлік қозғалысы бір айға шектеледі

ERNUR.KZ. Астанада LRT құрылысына байланысты Министрліктер үйі маңындағы жол учаскесінде бір айға көлік қозғалысы шектеледі, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесі бойында Министрліктер үйі мен "Қазақстан" ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, 2023 жылғы 10 шілдеден 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында "Қазақстан" ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі", - делінген хабарламада.