LRT тәулігіне 25 мың жолаушы тасымалдайды – Астана әкімдігі

0
478

Әкімдік ақпаратына сәйкес, LRT станцияларында барлық қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптары сақталады.


LRT тәулігіне 25 мың жолаушы тасымалдайды – Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Қазіргі жолаушылар ағынын талдау нәтижесінде LRT-ны тәулігіне 25 мың адам қолданады деп жоспарланып отыр, деп жазады Kazinform.

«Қазақстандағы LRT-ны салуда CRRC Tangshan Co., Ltd» өндіруші зауыттың «TRITON» моделі қарастырылған. Оның Қытайда 100 жылдан астам тарихы бар. Қуаты 115 KW және максималды сыйымдылығы – 652 адам, максималды жылдамдығы – 80 км/сағ. Құрамдар толығымен автоматтандырылған және пилотсыз, яғни операторсыз қашықтан басқару арқылы жүреді. Қазіргі жолаушылар ағынын талдау нәтижесінде LRT-ны тәулігіне 25 мың адам қолданады деп күтіледі», - делінген хабарламада.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, LRT станцияларында барлық қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптары сақталады.

«Билеттерді сатып алу, автоматтандырылған түрде де, сауда алаңдары мен санитарлық-гигиеналық тораптары бар күту залдары және адамдардың өздігінен шығуына жол бермейтін жүйелер қарастырылған. Станцияға көтерілу үшін эскалаторлар және мүгедек жандар арналған лифттер болады», - дейді ведомстводан.

Одан бөлек, Қабанбай батыр даңғылы бойында 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі және Сығанақ пен Ш.Қалдаяқов көшелерінде 7 жерүсті өткелдері салынатыны айтылды.

LRT құрылысы бойынша Астанада Сығанақ, Түркістан көшесіндегі қозғалысы қайта ашылатыны туралы хабарлаған едік.