Лукошенко Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды (видео)

0
381

ЕАЭО елдері көшбасшылары жиналған отырыс бейнеконференция режимінде өтті. Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сөз берген сәтте қызық жағдай орын алды.


Лукошенко Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды (видео)

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды, деп жазады Stan.kz.

ЕАЭО елдері көшбасшылары жиналған отырыс бейнеконференция режимінде өтті. Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сөз берген сәтте қызық жағдай орын алды.

"Біздің одақтың жұмыс істеу тәртібіне сәйкес біздің бүгінгі кеңесімізді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі өкілеттікті Қырғызстан президентіне бергім келеді...ой Қазақстан Президентіне... Тоқаев мырзаға", – деді Лукашенко сөзінің соңында.

Тоқаев Лукашенконың айтқанына күліп қана қойды.

Сонымен қатар Армения премьер-министрі Никола Пашинян сөйлеп жатқан кезде дыбыс екі рет жоғалып кетті.

14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Беларусь Республикасы бастамашылық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады.