Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына Индустрия және туризм комитеті, Тіл саясаты комитеті және Дене шынықтыру комитеті кіреді.
ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 31 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қаулы қабылдады, деп жазады zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылады:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына Индустрия және туризм комитеті, Тіл саясаты комитеті және Дене шынықтыру комитеті кіреді.