Мәдениетсіз адамдардың мәдени демалысы: Туристер Іле Алатауындағы жаңадан ашылған кешенді қиратты

0
1 072

Бұл кешен 2016 жылы демеуші кәсіпкерлердің көмегімен ашылған.


Мәдениетсіз адамдардың мәдени демалысы: Туристер Іле Алатауындағы жаңадан ашылған кешенді қиратты

ERNUR.KZ. Туристер Іле Алатау ұлттық паркінде қайта жөнделгеннен кейін іске қосылған ыстық су кешенін қиратты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мәдениетсіз адамдардың мәдени демалысы... Жақында ыстық су кешені қайта жаңғырудан соң ашылған болатын. Туризм туралы қалай сөз айтуға болады деген сұрақ туады. 2 аптаның ішінде адамдар сонша қаражат пен уақыт жұмсалған кешенді қиратты», - дейді ұлттық парктің өкілдері.

Бұл кешен 2016 жылы демеуші кәсіпкерлердің көмегімен ашылған.

«Ең алғаш пайдалануға берілген күндері адамдар қирата бастады. Сол кезде камера орнаттық. Вандализм тоқтаған сияқты еді. Ол жерден бөтелке, темекі қалдықтарын көруге болады», - деді демеушілердің бірі Сергей Спицын.

Кейін кешен қайта жөндеуге жабылған. Әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан соң суға түсетін бөшке мен душ кабинасы қалпына келтірілді.

Алматы әкімдігінің көмегімен су кешеніне жарық тартылатын болды.