Магистратураға 42 мыңға жуық өтініш қабылданды

0
399

Үміткерлердің басым көпшілігі (17 567 адам) педагогикалық ғылымдарды таңдаған.


Магистратураға 42 мыңға жуық өтініш қабылданды

ERNUR.KZ. Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау аяқталды, деп жазады baq.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, республика бойынша 41 815 өтініш қабылданды.

Үміткерлердің басым көпшілігі (17 567 адам) педагогикалық ғылымдарды таңдаған.

Кейінгі кезекте инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (6416 адам) мен бизнес, басқару және құқық (5089 адам) тұр.