Магнус Карлсен қазақ шахматшысынан не себепті жеңіліп қалғанын түсіндірді

0
973

Әлішер Сүлейменовтің қолындағы сағаты концентрацияны ұстауға кедергі келтірген және ол қулық жасауы мүмкін деген оймен ерік-жігерін бір жерге топтай алмаған.


Магнус Карлсен қазақ шахматшысынан не себепті жеңіліп қалғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Әлемнің мықты шахматшыларының бірі, 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен Qatar Masters турнирінде 23 жастағы қазақстандық Әлішер Сүлейменовтен күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазады sputnik.kz.

"Ойын барысында есеңгіреп отырдым. Мен қарсыласымды ешнәрсеге кінәлағым келмейді, ол таңғажайып ойын көрсетті және жеңіске лайық болды, бірақ ойын басында қарсыласымның сағатын көріп, концентрация жасау қабілетімді жоғалтып алдым", - деп мәлімдеді Магнус Карлсен Twitter-де.
"Бұл оймен дұрыс күресе алмағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын, бірақ ұйымдастырушылардың алаяқтықпен күресуге әлі де байыппен қарамайтынын көріп қатты қынжылдым: трансляцияға ешқандай шектеу жоқ, көрермендер ойын залында смартфонмен жүр", - деп атап өтті норвегиялық.
Әлішер Сүлейменовпен ойын барысында Карлсен тіпті төрешіден сағат тағуға рұқсат бар ма деп сұраған, оған "ақылды" сағаттарға ғана тыйым салынғанын айтқан. Карлсен бұл жағдай жоғары деңгейдегі жарыстар үшін ФИДЕ ережелеріне қайшы келеді деп есептейді.
Жанжал бұқаралық ақпарат құралдарында қарқын алған соң, бірнеше сағаттан кейін Карлсен тағы бір жазба шығарды: "Мен қарсыласымды алаяқтық жасады деп айыптап жатқан жоқпын. Менің атымды айғай-шу үшін қолданып жатқаны анық, бірақ бұл жағымсыз нәрсе".
Магнус Карлсен бір жыл бұрын да жанжал шығарған: ол 19 жастағы америкалық Ханс Ниманнан жеңіліп, турнирден шығып қалды, оған компьютердің кеңесін пайдаланды деп тікелей айып тақты.

Ниман ешқашан қулық істемегенін айтып, Магнус Карлсенге қарсы 100 миллион долларға сотқа шағым түсірді. Кейінірек қарсыластар келісімге келді.