55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.
ERNUR.KZ. "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды.
Ауа райына қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.
"Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болды, бампері мен доңғалағы ғана көрінді", - делінген хабарламада.
55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ.
Айта кетері, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды. Кейіннен үшінші адамның денесі табылған болатын. Іздестіру жұмыстары бір рет тоқтатылған.