Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Корея республикасының елшісін қабылдады

0
1 435

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық қатынас туралы сөз болды. Махамбет Досмұхамбетов өңірге корей инвестицияларын тартуға мүдделі екендігін жеткізді.


Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Корея республикасының елшісін қабылдады

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Корея республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сокты қабылдады», - деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық қатынас туралы сөз болды. Махамбет Досмұхамбетов өңірге корей инвестицияларын тартуға мүдделі екендігін жеткізді.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері екі ел арасында достық қарым-қатынаспен қатар, сауда және экономикалық қатынастар да қалыптасты. Осы орайда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш саламыз. Бұл бағытта әсіресе, корей инвестициясын тарту ең негізгі мәселе", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы Атырау облысы Оңтүстік Кореяның мұнай-химия өнеркәсібін қарқынды дамыту тәжірибесіне де қызығушылық танытатындығын атап өтті.

"Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағытында Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол екені анық. Осы бағытта екіжақты тәжірибе алмассақ, бұл болашақта бірлескен кәсіпорындар құру үшін негіз бола алады", - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Өз кезегінде корей елшісі қазіргі уақытта мұнай-газ саласында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асып жатқанын айтты. Күрделі уақытқа қарамастан бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткен облыс басшысына алғысын жеткізді. Кездесу соңында Оңтүстік Корея Республикасының елшісі медицина саласында да әріптестік танытуға ниет білдірді.