Мамин кімдердің жалақысы 330 мың теңгеден асатынын айтты

0
2 487

​Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.


Мамин кімдердің жалақысы 330 мың теңгеден асатынын айтты

ERNUR.KZ. 2023 жылға қарай педагогтердің айлығы екі есе өсіп, 330 мың теңгеден асады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 процент өседі", - деді Мамин мәжілістегі Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Жол картасының жобасын таныстырып.

Айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 процент қамтылады.

Бұдан бөлек, 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады.
Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

2025 жылы ауыл мектептері интернетке қосылады, сондай-ақ компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет басқа жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жол картасы сайлауалды бағдарламаның төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады:

  • бірінші – "Баршаға тең мүмкіндік";
  • екінші – "Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт";
  • үшінші – "Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы";
  • төртінші – "Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар".