Маңғыстау облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды

0
293

Мәйіт 5 метр тереңдіктегі теңіз астынан шығарылды.


Маңғыстау облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Түпқараған ауданында сәуір айының басында теңізге қайықпен шығып, жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының денесі табылғанын мәлімдеді.

«20 сәуір күні кешкі сағат 21:00-де Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан жиырма шақырып қашықтықта теңіз жағалауынан 400 метр жерден жоғалған азаматтың бірінің денесі жергілікті балықшылардың көмегімен шамамен 5 метр тереңдіктен теңіз астынан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді азаматтық қорғау аға лейтенанты Дінмұхаммед Пірімжан.

Айта кетейік, 3 сәуір күні таңертеңгі сағат 07:40 кезінде Форт-Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтыққа бет алған екі адам хабарсыз кеткені туралы құтқару қызметіне хабарланған.

Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балықшылардың 1985 және 1982 жылы туған тұрғындары екенін мәлімдеді. Олардың 2 сәуір күні кешкі сағат 22:30 шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кеткеннен кейін қайтып оралмағаны белгілі болып отыр.