Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында масаң күйде болған ер адам дәрігерлерге шабуыл жасап, полиция қызметкерін жарақаттады, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Бейнеу ауданында әйел адам жедел жәрдемге хабарласып, танысы ұрғанын, сол сәтте өзінің қансырап жатқанын хабарлаған. Ол мұнымен қоймай, жедел жәрдем келген бойда арнайы көліктің терезесін сындырып, ақ халаттыларға шабуыл жасаған. Артынша жеткен полицейдің денесіне де зақым келтірген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.