Маңғыстауда үш баланың анасы үш айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр

0
1 051

Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.


Маңғыстауда үш баланың анасы үш айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында үш айдан аса уақыт бойы үш баланың анасы Жәния Абдуллаева іздестіріліп жатыр, деп жатыр tengrinews.kz.

Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды.

Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда бүгінге дейін шаралар нәтиже бермеген.

2 қаңтарда ол 28 жасқа толған. Оны үйде үш баласы күтіп отыр.

Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетін маңғыстаулықтардан +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе "102" телефондарына хабарласу сұралады.