Маңғыстауда жаппай төбелес шығарған түлектер мен олардың ата-аналары бейнеүндеу жасады

0
394

Ата-аналар балаларының қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.


Маңғыстауда жаппай төбелес шығарған түлектер мен олардың ата-аналары бейнеүндеу жасады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының түлектері 25 мамырдағы жаппай төбелестен кейін көпшілікке бейнеүндеу жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

Ата-аналар балаларының бұл қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сондай-ақ төбелестен ешкімнің жарақат алмағанын жеткізді. Сөздерінше, мұғалімдер, мектеп директоры мен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмысын жүргізген. Ешкімге шағымдары жоқ.

Түлектердің өздері де көпшіліктен кешірім сұрады. Олар төбелеске арадағы "жанжалдың" себеп болғанын айтады.

Еске салайық, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында түлектер арасында төбелес болғаны туралы хабарлаған едік. Видеода төбелеске ондаған оқушы қатысқаны көрініп тұр. Олардың кейбіреуі тіпті тас лақтырып жатыр.