Алдын ала себеп - қысқа тұйықталу.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жел генераторынан өрт шыққан сәт видеоға түсірілді. Жел генераторы Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченкоға кіреберісте өртенген, деп жазады tengrinews.kz.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, жел генераторы өртеніп жатқаны туралы ақпарат 31 желтоқсанда сағат 08.56-да түскен. Форт-Шевченкоға кіреберістегі жел электр станциясындағы №24 жел генераторында өрт болғаны белгілі болды.
"Түпқаран ауданының өрт сөндіру қызметінің екі техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі оқиға орнына дереу аттанды. Өрт сөндірушілер механикаландырылған пост қойылды. Алдын ала себеп - қысқа тұйықталу", - деді Бекболат Әбдіқадыров.