Маңғыстауда жұмысшылар ереуілге шықты

0
756

160-тан аса көлік жүргізушісі жұмысқа шығудан бас тартқан.


Маңғыстауда жұмысшылар ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында ірі мұнай өндірісі орындарында жұмысшылар ереуілге шықты, деп хабарлайды ktk.kz.

20 қыркүйекте «Мобил Сервис Групп» ЖШС-нің 160-тан аса көлік жүргізушісі жұмысқа шығудан бас тартқан.

«Біз 15 күнге 78 мың теңге аламыз. Бұл өте аз сома», - дейді жұмысшылардың бірі.

Ер адамның айтуынша, ереуілге шықпас бұрын компания басшылығымен сөйлескен, алайда құрғақ уәдеден басқа ештеңе алмаған. «Қаражанбас» ірі мұнай өндіріс орнының қызметкерлері жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Ереуілге 162 адам қатысуда.

«Жалақымызды көтермейінше, біз соңына дейін тұрамыз. Егер жұмыстан шығарамыз десе, шығара берсін», - дейді жұмысшылар.