Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Бүгінде Комиссия өкілдері өңірге барып, өз жұмысын бастады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев facebook-тегі парақшасына жазды, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, елдің батысындағы мәселе Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың толық бақылауында.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Бүгінде Комиссия өкілдері өңірге барып, өз жұмысын бастады. Мәселе диалог негізінде шешілуге тиіс және Президентіміз айтқандай, барлық тараптың мүддесін ескеретін шешімге келу маңызды. Қазіргі таңда Маңғыстаудан сайланған сенаторларымыз да сол өңірде мәселенің оң шешілуіне атсалысуда",-деп жазды Сенат төрағасы.
Сонымен қатар ол біз елдіктің маңызды межесінде тұрмыз деген ойын білдірді.
"Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, егемендігімізді одан әрі нығайту - басты міндетіміз. Кез келген мәселенің шешімін табуға болады, ол үшін, ең алдымен, жылдар бойы қалыптасқан бірлігіміз бен тұрақтылығымызға сызат түсірмеу аса маңызды",-деп жазды Әшімбаев.