"Маньяк!": Атырау облысында мектепке кіріп келген жартылай жалаңаш, денесі қан ер адам оқушыларды шошытты

0
1 295

Ер азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды.


ERNUR.KZ. 10 желтоқсанда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор ауылында жартылай жалаңаш ер адам мектепке кірген. Оны көрген оқушылар қорқып, бейнежазбаға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz.

“36 жастағы ер адам Мақат ауданы Доссор ауылындағы айналма жолдың ортасында тұрған субұрқақты сындырып кетеді. Кейін денесі қанап, полицияны көргенде қаша жөнелген. Полиция қызметкерлерін көріп, мектеп-интернатының шарбағына қашып кірген оны сол жерде ұстап алған", – деді Атырау облысы полиция департаментінде.

"Полицейлерді көріп, ол жасырынуға тырысып, мектеп-интернаттың ауласына жүгірді, сол жерде ұсталды", – деді департаментте.

"Қараңдар, маньяк! Оның қолында ағаш бар", – деп қорыққан оқушылар мектептің терезесінен оны видеоға түсірді.

Ер азаматтың екінші топтағы мүгедек екендігі анықталды, бірақ мас болды ма әлде психикалық ауытқушылық орын алды ма, нақты айтылған жоқ.