ОНЛАЙН білім беру дәуірін бастаған алғашқы МҰҒАЛІМ кім?

0
295

Қазіргі дәстүрлі оқытудан шаршап, онлайн оқу терминін алғаш пайдаланып, тәжірбиеге енгізге ҰСТАЗ кім?


ОНЛАЙН білім беру дәуірін бастаған алғашқы МҰҒАЛІМ кім?

Бүгінгі күні онлайн оқыту деген нәрсені білмейтін адам кемде-кем. Біз қазір сабақты Zoom-мен өтеміз, бейне дәрістер көреміз, үйден шықпай-ақ білім ала береміз. Ал осының бәрінің бастауында кім тұрғанын білесіз бе? Бұл жаңашыл әдісті ойлап тапқан — Андреа Деборд деген ұстаз.

Андреа кезінде АҚШ-та қарапайым мұғалім болып жұмыс істеген. Бірақ ол дәстүрлі сабақ беру әдісіне көңілі толмайтын. Өйткені сабақта бәрі бірдей тыңдамайды, біреу түсінеді, біреу артта қалады. Сол кезде ол бір ерекше нәрсе ойлап тапты: теорияны үйде өз бетімен оқыту, ал мектепте тек практика жасау. Былайша айтқанда, алдымен видеосын көріп, сосын мектепке тек тапсырмаларды орындауға келесің. Бұл әдісті ол "Ауысқан сынып" — "Flipped Classroom" деп атады.

Қазіргі таңда біз қолданатын "онлайн оқу" термині "ауысқан сынып" әдісі арқылы басталып, оның дәстүрлі оқытудан пайдасы артығырақ екені дәлелденіп, осы жоба арқылы қолданылып, кейінірек бүкіл мемлекетте қолданысқа ене бастады.

Андреа өзінің видеосабақтарын интернетке жүктей бастады. Оқушылар кез келген уақытта кіріп, қарап, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап көре алды. Мектепке келгенде, бұрынғыдай лекция тыңдамайды, керісінше, сұрақ қойып, пікір алмасып, тәжірибе жасап үйренеді. Осылайша, балалардың оқуға деген қызығушылығы күрт артты. Өздеріне ыңғайлы уақытта, өз қарқындарымен білім алу мүмкіндігі пайда болды.

Шын мәнінде, бүгінгі онлайн оқытудың идеясы — сабақты бейне түрінде ұсыну, дербес оқу, кейін бірге талқылау — осы Андреа Дебордтың еңбегінен бастау алған. Бүгін біз Khan Academy, Coursera, EdX сияқты платформаларды қолданамыз, ал олардың түп негізі сол кезде Андреа жасаған жүйеде жатыр.

Андреа Деборд дәстүрлі оқыту жүйесін бұзып, білім беруді жаңа заманға бейімдеген ұстаздардың бірі ғана емес, онлайн оқыту дәуірінің алғашқы ізашары деп айтуға толық негіз бар. Егер ол кезде батыл қадам жасалмаса, мүмкін біз әлі де баяғыдай тақта мен борға телміріп отырар ма едік. Сондықтан қазір кез келген адам үйде отырып-ақ әлемнің ең үздік университеттерінен білім ала алатын болса, соның бір үлкен себебі — Андреа Деборд сияқты жаңашыл ұстаздардың арқасы.