Мәжіліс депутаты бірқатар жаңа мамандық ашуды ұсынды

0
574

Осыған орай ол бірнеше ұсыныс жасады.


Мәжіліс депутаты бірқатар жаңа мамандық ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында Мақпал Тәжмағамбетова Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанова жолдаған депутаттың сауалында бірқатар жаңа мамандық ашуды ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өңірлерге барған сапарымызда көп салалы кәсіптік техникалық колледж ұжымдарымен кездесуде бірқатар кедергілерді байқадық. Мамандар даярлаудағы методиканың өте ескі форматта болуы, заманауи мамандықтардың жоқтығы, колледждер мен жоғары оқу орындары арасында сабақтастық болмауы, жұмысшы мамандықтардың коммерциялық бағытта дайындалмауы - үлкен кедергі. Оқу орындарында кәсіптік бағдарлау, еңбек нарығын зерттеу сынды шаралар жүргізілмейді. Сондықтан, түлектердің басым бөлігінің дипломдары шаң басып қалады. Кез-келген мамандық сыртқы ортамен, нарықпен тығыз байланыста болуы керек. Мысалы автослесарь маман даярлайтын колледж базасында ТЖО жоқтығы, егер ТЖО болмаса, олар кімді, қалай дайындап жатыр деген сұрақ туындайды. Макарон өнімдерінің технологы мамандарын даярлайтын колледждердің базасында ешқандай өндірістің болмауы сапасыз мамандар қалыптастырады», - деді депутат.

Осыған орай ол бірнеше ұсыныс жасады.

«Мамандыққа бағыттау бойынша 7-ші сыныптан бастап оқушыларға мамандық таңдауға жағдай жасау, мамандыққа байланысты пәндік басымдылықты арттыру, еңбек сабақтары мазмұнын арттыру үшін еңбек олимпиадаларын өткізу керек. Олардың колледж, ЖОО-мен өзара сабақтастық орнатуы маңызды. Жаңа жүйеге сәйкес, алдымен әр облыс аумағындағы шаруашылықтарға, бизнес-құрылымдарға қандай мамандардың қажет екені зерттелу керек. Сұранысқа сай оқыту жүйесінде теориялық білімге 20, тәжірибелікке 80 пайыз көңіл бөліну керек. Колледж мамандықтарын интеграциялау қажет. Колледж базасына кәсіпкерлерді тарту, оларға өндіріс базаларын қалыптастыруға жол ашу, колледждерге кәсіппен, өндіріспен айналысуға, яғни өз деңгейінде нарыққа шығуға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды ашу, мәселен, бүгінгі күннің сұранысына сай орман шаруашылығы, туризм, омарта ісі және басқа да мамандықтарын енгізу қажет», - деді М.Тәжмағамбетова.