Мәжіліс шіркеу қызметкерлерінің елімізде тұру тәртібін реттейтін заң қабылдады

0
679

Заң жобасын Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.


Мәжіліс шіркеу қызметкерлерінің елімізде тұру тәртібін реттейтін заң қабылдады

ERNUR.KZ. Мәжіліс «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп жазады baq.kz.

Заң жобасын Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

Бүгінгі заң жобасы «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісімге қосымша келісімді ратификациялау туралы». Бұл келісімге Рим папасы Францисктің Қазақстанға былтырғы іс-сапары барысында қол қойылды. Аталған шарт католик шіркеу қызметкерлерінің санатын, тиісті субъектілерін және құзыретті органдарын нақтылайды, тұрақты тұру тәртібі жеңілдейді, - деп түсіндірді министр Мәжілісте.

Атап айтқанда, банк шотында ақша болуын, тұратын жерін растау туралы талаптар алынып тасталады. Олардың орнына католик шіркеуінің жазбаша растауы жеткілікті болады.

Бұл ұсыныстар конфессияаралық келісімді нығайтуға, халықаралық деңгейдегі елімізді құқықтық мемлекет ретінде абыройын арттыруға септігін тигізеді.

Депутаттар заң жобасына қатысты қаулыны дауысқа салып, оны қабылдады.