Мәжіліс депутаттары ауа райының салдарынан егінінен айырылған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялау туралы өтініш білдірді.
ERNUR.KZ. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың шаруалардың мәселесіне байланысты бірнеше өңірге төтенше режим енгізу туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Мәжіліс депутаттары ауа райының салдарынан егінінен айырылған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялау туралы өтініш білдірді.
Қошановтың айтуынша, Мәжіліс депутаттары бұл мәселемен күн сайын айналысып жатыр.
"ТЖ қалай жарияланады? Өңірлік, аудандық, облыстық және республикалық ауқымдағы ТЖ бар. Сондықтан қалыптасқан жағдайға сүйеніп, жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайды жариялау немесе жарияламау туралы шешім қабылдайды", - деп мәлімдеді Қошанов.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Айдарбек Қожаназаров пен Асхат Рахымжанов Қазақстанның бірнеше өңірі биыл құрғақшылықтан қатты зардап шеккенін айтқан еді. Олар Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялауды ұсынды. Оған қоса, "әкімдік ТЖ қалай жариялау керегін бірнеше ай анықтап, уақыт жоғалтатын" болғандықтан, ТЖ режимін жариялау алгоритмін реттеуді ұсынды.