Бүгін Орталық Азия медиа форумының бірінші күні.
«Ынтымақтастықтың бастауы: тарихи экскурсия, Орталық Азия» пленарлық сессиясында Қырғыз Республикасының Жогоргу Кенешінің бұрынғы Спикері Медетхан Шерімқұлов және Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Хикмет Четин сөз сөйледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Медетхан Шерімқұлов Орталық Азия ынтымақтастығының, әсіресе БАҚ-тың маңыздылығын атап өтті.
«Қырғызстандағы съезде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы ақпарат берудің мәселесі туралы айтты. Сондықтан бұл форум Орталық Азияда бірыңғай медиа кеңістік құру және біздің елдерімізде әлеуметтік-саяси дамудың басты құралдарының бірі ретінде медиа саланы дамыту үшін өте маңызды», -деді.
Өз кезегінде саясаткер Түркияның экс-сыртқы істер министрі Хикмет Четин Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи ынтымақтастыққа баса назар аударды.
«Қазақстанды осындай халықаралық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін құттықтағым келеді. Алдыңғы спикерлер айтқандай, тек Орталық Азия ғана емес, бүгінде бүкіл әлем тектоникалық ауысым жағдайында. Әлем бейбітшілік пен тұрақтылықты қажет етеді. Біз біртіндеп бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Біз бір ағаштың бұтақтарымыз және оны қолдауымыз керек. Қазақстан мен Түркия үшін білім беруде де, ағартуда да, бұқаралық ақпарат құралдарында да барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту маңызды», - деді Х.Четин.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық Азия медиа форумының бірінші күні. Іс-шараны ұйымдастырушы - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.