Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

0
543

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 20 сәуірде қамауға алынған.


Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты. Олар Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген, деп жазады Stan.kz.

"Алматы қаласы сотының 2022 жыл 18 маусымдағы қаулысына сәйкес күдіктілерге қатысты қамауда ұстау мерзімін 2 айға дейін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 20 сәуірде қамауға алынған.