Мектепте теңіз шошқасына жасалған тәжірибе: Полиция іс қозғады

0
505

Мұғалім жұмыстан шығып кетті.


Мектепте теңіз шошқасына жасалған тәжірибе: Полиция іс қозғады

ERNUR.KZ. Алматы қаласында орналасқан жекеменшік мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалімі оқушылармен бірге теңіз шошқасын сойып тастады. Осыған байланысты полиция іс қозғады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша, ҚР Қылмысытық кодексінің 316- бабы бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасында қарасты полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдейді»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде мектеп мұғалімі теңіз шошқасын өлтірген соң, ары қарай оқушылар жануардың денесін кесіп, бөлшектеп жатқаны туралы видео шыққаны туралы жазған едік.

Оқиғаны анықтау барысында аталмыш жағдай 17 ақпанда Алматы қаласының жекеменшік мектебінің 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болған.

Алматы қалалық білім басқармасы биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан шыққанын атап өтті.