Мемлекет басшысы: Атыраудағы балық шаруашылығын қайта жаңғырту қажет

0
1 203

Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар жыл өткен сайын азайып барады. 2012 жылы бекіре аулауға тыйым салдық, соған қарамастан бекіре 2 есеге, шоқыр 7 есеге азайды.


Мемлекет басшысы: Атыраудағы балық шаруашылығын қайта жаңғырту қажет

ERNUR.KZ. Атыраулықтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қаладағы Сұлтан Палас қонақ үйінде жүздесті. Жиында Мемлекет басшысы бірқатар маңызды мәселені атап өтті, деп жазады baq.kz.

Алдымен отандық бизнестің әлеуетін көтеруге тоқталды. Жергілікті компаниялардың жұмысына кедерділер бар екенін айтты. Сондықтан Үкіметке бірнеше тапсырмалар берді.

«Үкіметке төмендегі шараларда қарастыруды тапсырамын. Біз Қашаған жобасы бойынша бойынша қазақстандық компаниялар үшін тең дәрежеде қолжетімді етуге құны 20 млн доллардан асатын сатып алу жұмыстарына ғана келісім береміз, сөйте тұра қазақстандық компаниялардың басым бөлігі бұл межеден төмен жұмыс істейді, ал ТШО -да мұндай мүлде қойылмаған.Үкіметке концорцумдармен тиісті жұмыс істеуді тапсырамын»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше жұмыс берушілердің 70 пайызы кәсіптік білім беретін колледждерің беретін біліміне көңілі толмайды екен. Сондықтан кәсіби кадрлар даярлау үшін колледждерде біліктілік орталықтарын құру керек деді.

«Шетелдік пен отандық жұмысшының еңбекақысы бірдей болуы шарт. Білікті мамандарды еш алалалмай лайықты жалақысын төлеу керек.»,-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атырауда балық шаруашылығының қазіргі ахуалы көңіл көтермейді деген Қосым Жомарт Тоқаев министрлікпен мен Атырау облысы әкіміне аймақта ауыл шаруашылығын жаңғыртуды тапсырды.

«Атырау кеше ғана әлемдегі балық шаруашылығы орталығы ретінде аты шықты емес пе, ал қазіргі ахуал қандай? Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар жыл өткен сайын азайып барады. 2012 жылы бекіре аулауға тыйым салдық, соған қарамастан бекіре 2 есеге, шоқыр 7 есеге азайды. Ауыл шаруашылығы минсиртлігі мен әкімдік бұл мәселеге басты назар аударып, Атыраудағы балық шаруашылығын қайта жаңғырту қажет. Бұл салаға инвесторлар тартулары қажет»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мұнайлы өлкедегі экологиялық ахуалды да айтып өтті. Жыл сайын арнасы артылып бара жатқан Жайықтың жәйіне тоқталды. Су қорын молайту, қалыпқа келтіру үшін ресейлік мамандармен тығыз-қарым қатынас жасалу тиіс екенін айтты. Бұл мәселенің шешімін таппауы дұрыс бақылаудың жоқтығынан, сондықтан бұл жұмысқа өзім кірісем деп қадап айтты.

"Жайық өзеніндегі балықтардың хлорға уланып жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. Соның салдарынан 118 тоннадай балық қырылды, оның 108-і бекіре тұқымдас балықтар. Біздің балық зауыттарымыз 60 пайыздық қуатымен істе тұрғанын ескерсек, бұл үлкен шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым. Қазір тергеу аяқталды. Апатқа кім кәнілі екені белгілі. Олар лайықты жазасын алады. Біз бұдан сабақ алуымыз керек»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халықты таза ауамен қамту да басты жоспарда екен. Мемлекет басшысы қала сыртындағы Сасықсайды арнайы барып өз көзімен көргенін айтты. Сондықтан қалдық суларды тазалау статсасының жұмыстары бақылауға алынған, Сондай ақ облыста 2 мың шақырымнан астам автокөлік жол бар, бірақ оның тең жартысына жуығы нашар, сын көтермейді. Солардың бірі Атырау-Астрахань жолының жұмысын жеделдетуге қосымша 65 млрд теңге бөлінген.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атыраулық бірқатар сала мамандарын алғысхаттармен марапаттады.