Мемлекет басшысы коронавирус құрбандарын еске алуға қатысады

0
667

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.


Мемлекет басшысы коронавирус құрбандарын еске алуға қатысады

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады.
Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді.

Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді", - деп жазды Берік Уәли.