Мемлекет басшысы шахтадағы апат кезінде ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

0
389

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды.


Мемлекет басшысы шахтадағы апат кезінде ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды.

Оқиға кезінде 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды.