Мемлекет Қайрат Боранбаевтың қонақ үйін 3,9 млрд теңгеге сатты

0
466

Бұған дейін кәсіпкер бұл нысанды мемлекетке қайтарған болатын.


Мемлекет Қайрат Боранбаевтың қонақ үйін 3,9 млрд теңгеге сатты

ERNUR.KZ. Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың төрт жұлдызды Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін сатты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сауда-саттық 2024 жылдың 25 сәуірінде өткен. Қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.


Еске сала кетейік, Боранбаев құны құны 33,75 млрд теңге болатын бірнеше нысанды мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын.

Сол кезде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерге тиесілі болған қонақүйлердің кімге өтетінін айтқан еді.