Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанадан табылды

0
538

Ұсталғандар Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.


Мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанадан табылды

ERNUR.KZ. Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады, деп жазады sputnik.kz.

Ресей Федерациясында іздеуде жүрген 20 жастағы жігіт 2022 жылы Мәскеудегі сауда үйінің бірінде ұрлық жасаған.
Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өткен 36 жастағы және 2020 жылы алаяқтық жасады деп айыпталған 43 жастағы ер адам анықталды.
Ұсталғандар Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.