Мені тірі деп танысын: Қостанай тұрғыны өзінің өлмегенін сотта дәлелдеді

0
809

Бұл туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлаған.


Мені тірі деп танысын: Қостанай тұрғыны өзінің өлмегенін сотта дәлелдеді

ERNUR.KZ. Сот шешімен Қостанай қаласының тұрғыны тірі адамдардың тізіміне енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыста маусым айының ортасында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Халыққа жақын» акциясы өткен болатын. Оның барысында департаментке ер адам жеке сұрағымен жүгінген. Ол өзінің қайтыс болған адамдардың тізіміне енгенін айтқан. Мұны жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚО-ға барған кезде білген.

«Қостанай тұрғыны жергілікті әкімдіктен көмек сұрап келген. Бұл мәселені Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент ерекше бақылауға алды. Ер адамға тиісті талап-арыз жасауға, тірі деп тану үшін қажетті дәлелдемелерді жинауға көмек көрсетілді. Міне, осыдан кейін қалалық сот азаматтың арызын қанағаттандырып, соттың бұрынғы шешімін бұзды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова.

Департаменттегілер осындай акциялардың халыққа түрлі мәселелерді шешу кезінде қажет екенін атап өтті.