Министр қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтты

0
913

Жастарға үлгі ретінде спорттық сайыстар мен бұқаралық спорттық жарыстардан қалмауға тырысатынын айтты.


Министр қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтты

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен жүзу спортына жақынмын. Әлбетте, бұрыннан бері спорттық сайыстарға қатысып келемін. Өздеріңіз білетіндей, мен студенттермен бірге сайыстардан қалмайтын едім. Жастарға үлгі ретінде спорттық сайыстарға, бұқаралық спорттық жарыстардан қалмауға тырысамын. Бұл тәжірибені жалғастырып, алдағы уақытта да біздің елдегі сайыстардан мені әлі көретін боласыздар», - деді ол.

Айта кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамыту қалай жүргізіліп жатқанын баян еткен болатын.

«Министрліктің алдына қойған тапсырмалары аясында 2018 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адам саны 30 пайызды құрады. Яғни сандық көрсеткіште 5,5 млн адам. Бұл тұрғыда бұқаралық спортты дамыту бағытында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 207 млн адамды қамтыған 27 мың спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық жерде 1,1 млн адамды қамтыған 16 мың спорттық-бұқаралық іс шара өтті», - деді ол.