Министр Қазақстан Олимпиадаға қатысуға лицензия ала алмаған спорт түрлерін атады

0
403

Париж Олимпиадасына дейін Қазақстан құрамасы жолдамалардың санын 80-85-ке жеткізуді жоспарлап отыр.


Министр Қазақстан Олимпиадаға қатысуға лицензия ала алмаған спорт түрлерін атады

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев Париж Олимпиадасына қанша спортшының қатысатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасында 22 спорт түрінен 78 жолдама бар. Негізгі лицензиялар:
1 бокс - 10 жолдама;
2 дзюдо -8 жолдама;
3 күрес - 7 жолдама (грек-рим - 4, еркін -3);
4 каноэ мен байдарка - 6 жолдама;
“Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық“,- деді Мыржықпаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Жалпы, Париж Олимпиадасына дейін Қазақстан құрамасы жолдамалардың санын 80-85-ке жеткізуді жоспарлап отыр.