Министр шекара шебін анықтайтын құжат ұсынды

0
423

Министр ұсынылып отырған заң жобасы халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленгенін атап өтті.


Министр шекара шебін анықтайтын құжат ұсынды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәжіліске мемлекеттік шекараны заңды түрде бекітетін тарихи құжатты мақұлдауды ұсынды, деп жазады baq.kz.

Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі екі елдің шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектесу учаскелерін бөлу туралы шарттарды ратификацилау туралы ҚР-ның заң жобасы енгізіліп отыр, - деді ол Мәжіліс отырысында.

Айтуынша, бұл шартқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Түрікменстан Гурбангулы Бердімұхамедов 2021 жылдың 25 қазанында Ашхабад қаласында қол қойған.

Шартқа сәйкес, тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы аумақтық суларды және балық аулау аймақтарын, шектесеті учаскелерін бөлетін Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарасын өту сызығын анықтады. Шарттың ратификациялауы және күшіне енуі оңтүстік межелерде еліміздің мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісін толық аяқтауға мүмкіндік береді. Шарт Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде бекітетін тарихтағы алғашқы құжат болмақ. Түрікменстан тарапы аталған шартты биыл 17 сәуірде ратификациялады. Аталған заңды қабылдау ҚР ұлттық заңнамасына қайшы келмейді және оны өзгертуді қажет етпейді. Сонымен бірге республикалық және жергілікіті бюджеттік шығындарды да қажет етпейді, - деді СІМ министрі Мұхтар Тілеуберді.

Министр ұсынылып отырған заң жобасы халықаралық тәжірибеге сүйеніп әзірленгенін атап өтті.

Ең алдымен шарттың өткізілуі бұл халықаралық теңіз құқығына келістірілген. Әрине, әлемде пайдаланып жатқан әдістер белгілі. Бұл теңізбен мұхит жағалауымен шектесетін мемлекеттердің арасында пайдаланылатын әдістер ,сондықтан біз осы тәжірибеге сүйендік, - деді министр.