Министр: валюта бағамы 340 теңгеден аспайтынына сенімдіміз

0
1 369

​"Үкімет ретінде Парламентке енгізген әлеуметтік-экономикалық даму болжамында теңгенің долларға шаққандағы бағамын 340 теңге деп көрсетуіміздің өзі біздің сенімді екенімізді білдіреді. Бұдан артық ештеңе болмайды", — деп сендірді министр үкімет кулуарында.


Министр: валюта бағамы 340 теңгеден аспайтынына сенімдіміз

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамы 340-тан аспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Үкімет ретінде Парламентке енгізген әлеуметтік-экономикалық даму болжамында теңгенің долларға шаққандағы бағамын 340 теңге деп көрсетуіміздің өзі біздің сенімді екенімізді білдіреді. Бұдан артық ештеңе болмайды", — деп сендірді министр үкімет кулуарында.

Сүлейменов рубльдің долларға шаққандағы бағамының 70-80-90 рубльге өсуі мен тиісінше теңге бағамының өсуін қарастыратын үш сценарий әзірленгенін атап өтті.