Қазіргі заң бойынша 120 АЕК көлемінде айыппұл, түзету жұмыстары, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке қамау қарастырылған.
ERNUR.KZ. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қарсы жазаны қатаңдату туралы ұсыныс айтты, деп жазады Stan.kz.
"Соңғы кездері БАҚ-та жануарларға озбырлық көрсеткендер жайлы ақпарат көбейіп кетті. Біз әрбір жайтты қадағалап, шаралар қолданып отырамыз. Қылмыстық кодексте арнайы бап та бар. Бірақ жаза түрі ауыр емес. Заң бойынша 120 АЕК көлемінде айыппұл, түзету жұмыстары, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке қамау қарастырылған", - деді министр.
Бұған қоса ол жауапкершілікті күшейту керектігін айтты.
"Екінші бөлім бойынша, егер бірнеше адамның іске жауап болса, айыпталушылар 50 күнге қамалады. Осы мәселені қарастырып жатырмыз. Мүмкін жазаны күшейту керек деген бастама көтеретін шығармыз", - деп қосты Тұрғымбаев.