Министрлік балалардың қуанышы үшін корпоративтен бас тартты

0
656

Қазіргі уақытта 100-ден астам бала мерекенің басты сиқыршысына өз тілектерін жазып үлгерген.


Министрлік балалардың қуанышы үшін корпоративтен бас тартты

ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мерекелік корпоративтен бас тартып, «Балаларға қуаныш сыйла!» мейірімділік акциясын өткізді деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның шарты бойынша балалар Аяз атаға өз қалаулары туралы хат жазады. Ол хаттың әрқайсысы жеке конвертке салынып, ведомство қызметкерлеріне беріледі. Олар хаттағы арман-тілектердің орындалуын қолға алады. Қазіргі уақытта 100-ден астам бала мерекенің басты сиқыршысына өз тілектерін жазып үлгерген.

«Балаларға берілетін сыйлықтарды ведомство қызметкерлері мерекелік түрде табыстады», – дейді министрліктің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, акция Ұлттық балаларды оңалту орталығында емделіп жатқан балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.