Министрлік Каспийдегі шаяндардың қырылуына қатысты түсініктеме берді

0
311

Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды.


Министрлік Каспийдегі шаяндардың қырылуына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Каспий теңізінде шаяндардың жаппай қырылуы тіркелген болатын. Осы мәселеге қатысты бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

"Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз", — делінген хабарламада.

Осыған орай шұғыл түрде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барды.

"Ауа-райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін болмады", — деп хабарлады АШМ.
Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды. Эколог мамандардың айтуынша, мониторинг жалғасады, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетін болады.